Шымкентте жеке куәлікті 2 күнде алуға болады

Шымкенттіктер тез арада төлқұжатқа қол жеткізуге мүмкіндік алды. Сәуір айынан бастап 2 жұмыс күні ішінде жеке куәлік пен төлқұжатты әзірлетуге болады. Бірақ бұл жаңалық тек қала халқына қатысты.

Халыққа қызмет көрсету орталығыБір айта кету керек, әр азамат жылдам жасалған куәлік үшін мемлекеттік баж салығынан бөлек тағы бес мың теңге төлеуге тиісті.

Жеке куәлікті 30 күнтізбелік күнде даярлау ақысы — 424 теңге 24 тиын. Ал 7 күнде дайын болуы үшін салық көлемі ұлғаяды. Ол 1989 теңгені құрайды.

Серік Тілеукиев, ОҚО ІІД көші-қон басқармасына қарасты Абай ауданы бойынша азаматтарды тіркеу және құжаттандыру бөлімінің аға инспекторы: «Шымкент қаласы бойынша жеке куәліктер мен төлқұжаттар 2-3 жұмыс күнінде даярланатын болды. Азаматтар жедел даярланған құжаттар үшін мемлекеттік баж салығынан бөлек 5000 теңге төлейді. Құжатты қабылдау күні есептелмеген жағдайда жеке куәлігіңіз не төлқұжатыңыз екі күнде дайын болады.»

Төлқұжатты әзірлеу үшін 8 484 теңге төлесеңіз болғаны, 30 күнтізбелік күнінде дайын болады. Ал оны жылдамдату үшін тағы 5000 теңге қоса төлеу керек. Бұдан бөлек 16, 25, 45 жасқа толған азаматтар құжаттарын жаңалауы қажет.

Шынар Оразова

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР