Шымкенттегі ауған соғысының ардагерлері көмек сұрайды

230
Шымкенттегі ауған соғысының ардагерлері көмек сұрайды

Шымкентте ауған соғысының ардагерлері медициналық көмек пен жол жүруді ақысыз етуді талап етуде. Бүгін осындай ұсыныспен майдангерлер облыстық маслихат депутаты Жұмағали Білісбековтің қабылдауында болды.

Шымкенттегі ауған соғысының ардагерлері көмек сұрайды

Мемлекет тарапынан төленетін қаражат бір айлық азыққа жетпейді дейді олар. Басым бөлігінің денсаулығы сыр берсе де, жұмыс істеуге ынталы топ тіпті, екі қолға бір күрек таппай жүргендерін де айтып налыды. Майдангерлер осыны ескеріп, шипажайларда тегін ем-дом алып, қоғамдық көліктерде ақысыз жол жүруге мүмкіндік беру мәселесін көтеруді сұранды халық қалаулысынан.