//
Жаңалықтар 

Шымкенттіктер жылу берушіге қанша қарыз

534 млн теңгеден астам қаржы. Шымкенттік тұтынушылардың №3 энергоорталық алдындағы берешегі осындай қомақты соманы құрап отыр. Ал бюджеттік мекемелердің тұтынған жылу үшін жиналған қарызы 65 млн теңгеге жеткен.

Оның үстіне штаб отырысының негізгі кейіпкері болуға тиісті «3-Жылуорталығының» директоры кезекті еңбек демалысында

Естеріңізге салсақ, №3 энергоорталығының өзінің газ таратушыларға 2 млрд теңгеден астам қарызы бар. Қазір көрсетілген қызметке ақы төлемегендердің құжаттарын энергоорталық мамандары сотқа өткізуде. Мәжбүрлеп өндіруден басқа амал қалмады, дейді жылу берушілер.

Соған қарамастан олар кезекті рет ескерту жасауда. Негізінде, соңғы жылдары шымкенттіктердің біразы орталықтандырылған жүйеден бас тартып, дербес қазандық құруға бет бұрған. Осылайша, соңғы есептерге сүйенсек, жылу тұтынушыларының саны 18 мың абонентке азайған. Соның өзінде төлемақыны уақтылы өтемегендер азайып отырған жоқ.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz