Түркістанның оқытушысы электрмобиль құрастырды

Түркістандық оқытушы жанар-жағармайсыз жүретін көлік құрастырды. Темір тұлпар сағатына 130 шақырым бойы тоқтамастан жүре алады. Халықаралық қазақ-түрік университетінде сабақ беретін өнертапқыш өзінің тың туындысын EXPO-2017 көрмесіне жібермек ойы бар.

Көшеде жүйіткіген шағын көлік көпшілік назарын өзіне еріксіз аударады. Өйткені айналасы тереземен қапталған машина күн көзімен қуат алатын қондырғы күшімен жүреді. Шағын болғандықтан, орнынан жылдам қозғалады. Сондықтан кейбір машиналардың өзі қуып жете алмай қалады дейді өнертапқыш.

Түркістанның оқытушысы электрмобиль құрастырды

Ферхад Чайыр, өнертапқыш: «Бұрын да машина жасадық. Бірақ мына автомобильдің технологиясын жақсы істедік. Тағы жаңадан құрастырсақ, ол бұдан да жақсы болады.»

Шағын көліктің салонына салқындатқыштан бастап барлық қондырғы орнатылған. Тіпті артқы жағын көрсетіп тұратын мониторы да бар. Айналасына 8 бірдей күн көзінен қуат алатын қондырғы орнатылған. Олар батареяны қуаттайды. Көлік сол тоқтың күшімен жүреді. Ал астыңғы бөлігі мүлдем өзгеше. Қолынан іс келетін оқытушы қосалқы бөлшектерді Қытайдан алып келгенімен, өздері ықшамдап жасап шыққан. Машинаны құрастырғанда бірінші кезекте қауіпсіздік пен адамға ыңғайлы болуы жағын ойластырдық дейді оқытушы.

Ферхад Чайыр, өнертапқыш: «Көлік табиғи жағынан экологиялық таза. 4 айда құрастырдық. Бұл машина мен бетон қарығыш EXPO-ға арнайы жасалған. Бензин жемейді. Тек күннен қуат алады.»

Оқытушы бұған дейін де бірнеше көлік құрастырған екен. «Алдыңғыларында жіберген қателігімді мұнда қайталамауға тырыстым» дейді ол. Соңғысын жасауға шәкірттері көмектесіпті. Тоқтың күшімен жүретін көліктің сызбасын да өздері жасапты.

Түркістанның оқытушысы электрмобиль құрастырды

Күн көзімен қуат алатын қондырғы көмегімен жүретін электромобиль сағатына 130 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Мұнда барлық жағдай жасалған. Тіпті жауын мен қар жауып тұрса да, айдап жүре беруге болады.Тағы бір ерекшелігі – қозғалтқышы автоматты болғандықтан, жүргізу оңай. Шағын көлікті кез-келген жерге қоюға болады. Бойындағы күн көзінен алған қуаты бітсе, кәдімгі тоқтың күшімен батареяларын толықтырып алуға болады.

Қарапайым оқушыдан дәріс алған студенттер де өз бетінше күн көзінен қуат алатын қондырғымен жұмыс істейтін бетон қарығыш құрылғы жасап шығыпты. Ол 3 минутта 50 литр бетон араластырады.

Айдос Байжанов, студент: «Бұл бетон қарығышты шалғай ауылдарда қора-қопсы салғанда қолдана аламыз. Мұның тиімділігі – ауылда жарық болмай қалған жағдайда күн энергиясы көмектеседі. Тоқтамай 24 сағат жұмыс істейді.»

Өнертапқыштың ендігі арманы – шағын электромобильдерді көптеп жасап, қарапайым адамдарға да бағасын қолжетімді ету. Бастысы – шәкірттерімен бірге құрастырып шыққан шағын көлігі EXPO көрмесіне келген азаматтарға сапалы қызмет ететініне сенімді.

Дереккөз: 24.kz телеарнасы

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР