Тағы да көлік ұрлығы

Шымкент қаласында автокөлік ұрлығын жасаған деген күдікпен екі адам ұсталды. 31 наурыз күні Қаратау полиция бөлімінің кезекшісіне 28 жастағы жергілікті тұрғын шағымданған. Ол полицейлерге белгісіз біреу «ВАЗ-21070» автокөлігінің терезесін сындырып, автомагнитоласын ұрлап кеткенін айтты. Көлік иесіне 50 мың теңге шығын келген.

Қаратау ПБ

Сол күні полицейлерге бірнеше жәбірленуші осыған ұқсас деректермен арызданған. Тәртіп сақшылары іздестіру нәтижесінде 24 жастағы екі қала тұрғынын күдікті ретінде ұстады.

Кезекші бөлім

Тергеу барысында күдіктілердің автокөліктен зат ұрлау бойынша 5 жайтқа қатысы бар екені анықталды. Көздері түскен автокөліктің қараусыз қалуын аңдып отыратын олар терезесін сындырып немесе капотын ашып, магнитолаларды, акуммуляторларды және бағалы заттарды ұрлап кетіп отырған. Қолды болған заттарды түрлі сауда нүктелеріне өткізіп келіпті.

Жәбірленушілерге келген жалпы шығын 150 мың теңгеге жуық. Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 188-бабымен (ұрлық) іс қозғалды. Күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас басқа да деректерге қатысын анықтап жатыр.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР