Тек қымбат аккумуляторды ұрлап келген жігіт ұсталды

Мақтаарал ауданының тәртіп сақшылары аккумулятор ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы жігітті ұстады. 2016 жылдың басынан бері Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне Жетісай қаласының оннан аса тұрғыны шағымданып келген.

Олардың барлығы да түн ішінде аулада тұрған автокөліктерінің аккумуляторы ұрланғанын айтқан. Көлік бөлшегінің әрқайсысы шамамен 50 мың теңге тұрады. Бір айта кетерлігі, жәбірленушілердің барлығы да жүк көліктерінің иелері.

Тек қымбат аккумуляторды ұрлап келген жігіт ұсталды

Аталған ұрлықты ашу мақсатында аудандық тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдасырылып, жергілікті темір қабылдау орындары мен ақосалқы бөлшек сататын дүнгіршектерді тексереді. Бұдан кейін Жетісай қаласының орталығында орналасқан бейнекамералардың көмегімен күдіктінің соңына түседі.

Тек қымбат аккумуляторды ұрлап келген жігіт ұсталды

Нәтижесінде жергілікті 1995 жылғы жігіт ұсталды. Ол алғашқы тергеу барысында-ақ өз кінәсін толық мойындап отыр. Қазіргі таңда ұсталған жігіттің 5 аккумулятор ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Көлік иелеріне келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгеге жуықтайды.

Тек қымбат аккумуляторды ұрлап келген жігіт ұсталды

Айғақ зат

Аталған жайт бойынша 188-баппен (ұрлық) қылмысты іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР