//
Тимур Құлыбаев Жаңалықтар 

Тимур Құлыбаевпен өткен жиында кәсіпкерлер мәселесі талқыланды

кулииииииииииииииОтандық өнімдердің нарыққа шығуына айқара жол ашылатын кез келді. Бұл ретте жергілікті тауар өндірушілердің мемлекеттік сатып алуларда ұзақ мерзімді келісім-шарттарға отыруының маңызы зор.

Өңірімізге іс-сапармен келген «Атамекен» ұлттық палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінде осылай деді. Жергілікті билік пен бизнес өкілдерінің басқосуында саладағы кедергілер мен оларға тосқауыл қою шаралары талқыланды.

Облыс индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша елімізде көшбасшы болып табылады. Индустрияландырудың бірінші бес жылдығының қорытындысы бойынша құны 184 млрд теңге болатын 137 жоба іске қосылып, 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Ісін дөңгелетіп отырған кәсіпорындардың 95% қазірдің өзінде жоспарлы қуатына шығып үлгерді. Алайда отандық тауар өндірушілердің өнімін өткізуде әлі де түйткілдер бар.

Сондай-ақ жиында арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға қолдау көрсету жолдары да талқыланды. «Хлопкопром целлюлоза» ЖШС бас директоры Қайнар Абасов шығындарды субсидиялау және жеңілдік тарифтерін енгізу жайын сұрады.

Тимур Құлыбаев арнайы экономикалық аймақ қатысушыларын кедендік баждан босататын кез келді дейді. Ол үшін тиісті заңнамаға өзгерістер енгізу керек.

Ал жергілікті билік өкілдері қаржылық дағдарыс кезінде әкімдік пен бизнес қауымдастығының бірлескен әрекеті оң нәтиже беріп жатыр деп мақтанды.

Сондай-ақ өңір басшысы ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар мәселелерді де жайып салды. Айтуынша, облыс аумағындағы каналдардың дені жекенің меншігіне өтіп кеткен. Су көздерін мемлекет есебінен қаржыландыру мүмкін болмай тұр деген облыс әкімі бұл нысандарды коммуналды және мемлекет меншігіне қайтару керек деп есептейді.

Өз кезегінде «Атамекен» ұлттық палатасы төралқасының төрағасы жиында талқыланған проблемаларды назарға алатынын жеткізді. Сондай-ақ жергілікті бизнес өкілдерінің белсенділігіне тәнті болған Тимур Құлыбаев еліміздің өзге аймақтарында бұл сала осындай қарқын алса, ел экономикасы мұнай бағасына тәуелді болмас еді деп ағынан жарылды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz