Туыстары кәсіпкер әйелді іздейді

Шымкентте із-түзсіз жоғалған кәсіпкер әйел іздестіріліп жатыр. Анасының жоғалғаны туралы алдымен бала-шағасы дабыл қаққан. Ол азаматша туыстарына соңғы рет 17 сәуірде таңертең қоңырау шалған екен.

Кәсіпкер әйел жүргізуші екеуі жүк көлігімен Павлодардан келе жатқан. Алматы және Жамбыл облыстарының шекарасында көлік бұзылады. Туысқандарының айтуынша, әйел жол-жөнекей көлік тоқтатып, жақын маңдағы ауылдан дөңгелек алып келуге кеткен. Ал жүргізушіге өзін күтуді тапсырады.

Туыстары кәсіпкер әйелді іздейді

Туысқандарының кәсіпкер әйел жайлы білетін бар дерегі осы ғана. Қазір әйелдің туған-туыстары оқиға болған жерге аттанды. Олар Алматы және Жабыл облыстарының полиция қызметтеріне өтініш берген. Кәсіпкер әйелдің ағасы оның облыс шекараларынан шамамен он шақырымдай жерде жол-жөнекей көлікке отырғанын айтып отыр.

Кәсіпкердің аты-жөні — Гүлзахира Измадинова, 1967 жылы туған. Туған-туыстары көрген-білгендер немесе қандай да бір ақпарат естіген жандар бар болса 8-702-246-06-76 немесе 8-747-607-87-46 телефондарына хабарлауды сұрайды.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР