//
Велосипед ұрлағандар ұсталды Жаңалықтар 

Велосипед ұрлағандар ұсталды

Шымкентте балалардың велосипедтерін ұрлағандар ұсталды. Дардай екі жігіттің ұят тірлігін қалалық жол-патрульдік полиция полкінің 11-рота қызметкерлері әшкерелеп отыр.

Көліктегі экипаж мүшелері күнделікті кезекшілікте жүрген. Нұрсәт шағынауданында кетіп бара жатқан тәртіп сақшылары екі кісінің 4 велосипедті алып кетіп бара жатқанын көреді. Адамнан велосипед саны көп болған соң әрі жігіттердің әрекеті күдікті көрінгеннен кейін инспекторлар тоқтап, екеудің әрекетін бақылауға кіріседі.

Велосипедтерді ары-бері шұқылаған соң екеудің бірі жолдың шетіне шығып, такси ұстайды. Келіп тоқтаған Вольцваген Пассат көлігіне 4 велосипедті тиеп, қозғалады. Полицейлер олардың соңына түседі.

Велосипед ұрлағандар ұсталды

Содан Гагарин көшесіндегі “Жабық базар” атанып кеткен сауда орнына келген екі жігіт велосипедтерді түсіріп жатқанда инспекторлар оларды ұстап алды.

Велосипед ұрлағандар ұсталды
Күдіктілер

Жастары 24 және 38 жастағы жігіттер – Шымкент тұрғындары. Біреуі бұған дейін ұрлығы үшін сотты болған екен. Алғашқы сұрау барысында өз әрекеттерін мойындамаған олар велосипедтерті жөндеуге әкелдік деп, бет бақтырмады.

Велосипед ұрлағандар ұсталды

Дегенмен, олардың бұл әңгімесіне тергеушілер сене қойған жоқ. Қазір күдіктілердің үстінен ұрлыққа қатысты іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандардан кемпірауыз бен ашқыш құралдар тәркіленіп алынған. Ал велосипедтерді өз иелеріне қайтарамыз дейді инспекторлар.

Велосипед ұрлағандар ұсталды
Такси ретінде пайдаланылған көлік

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz