ВИЧ-ке шалдыққан аналар дені сау сәбилерді дүниеге әкелуде

Оңтүстікте ВИЧ дертіне шалдыққан аналар дені сау балаларды дүниеге әкеліп жатыр. Өңірде соңғы 2 жылдың ішінде қатерлі індетпен диспансерлік есепте тұрған жүкті әйелдердің дені ешқандай ақаусыз нәрестелерін босанған дейді Спид орталығының мамандары.

ВИЧ-ке шалдыққан аналардан дені сау сәбилер дүниеге келуде

Мәселен, 2015 жылы аяғы ауыр 46 келіншектен туылған сәбилерден қауіпті инфекция анықталмапты. Дегенмен, дәрігерлер балаларды 1 жасқа дейін бақылауда ұстайды. Бұл үшін нәрестелер әр екі-үш ай сайын медициналық тексеруден өтіп тұрады.

Жанат Сапарова, бөлім меңгерушісі: «Соңғы 2 жылда біздегі жүкті әйелдерден туылған балаларда ондай инфекция тіркелген жоқ. Сәбилерді арнайы есептен шығарып жатырмыз. Ондай жағдай тіркелмеді. Себебі, жүкті аналар дер кезінде вирусқа қарсы дәрілерді қабылдаса, біздің нұсқауларды орындаса, инфекцияның құрсақтағы балаларға берілуін 98 пайызға дейін азайтуға болады.»

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР