//
Тәртіптік кеңес Жаңалықтар 

Заңды бұзған мемлекеттік қызметшілердің ісі қаралды

Мемлекеттік қызметкерлердің заңды белшеден басуы жиі қайталануда. Әсіресе, жер телімдерін таратуда көз қысты, бармақ басты әрекетке жол береді. Бұл жөнінде мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстағы әдеп жөніндегі кеңесі отырысында айтылды.

Тәртіптік кеңес

Анық болғаны – Қазығұрт ауданына қарасты Шарапхана ауылының әкімі елдімекен тұрғынына 12 соттық жер учаскесін 2 жылға жалға берген. Ол азаматша ол уақыттың ішінде жерді игере алмай, мерзімді ұзартуға өтініш білдіріпті. Осы орайда әкім өз қызметін асыра пайдаланып, аудандық жер қатынастары жөніндегі комиссияның қортындысынсз, жалға беру мерзімін арттырып, өз еркімен шешім шығарған. Бұл қадамы заңсыз деп танылып, жиында мәселе жіті талқыланды.

Шарапхана ауылының әкімі - А.Тойшиев
Шарапхана ауылының әкімі – А.Тойшиев

Берік Бекжанов, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстағы әдеп жөніндегі кеңес отырысының төрағасы: “Қазығұрттағы ауыл әкімдері неге заңға келгенде осалдық танытады?! Қашанғы ескерте береміз?! Осы мәселе бойынша Қазығұрт ауданында өткен жылы оннан астам ұсынысты қарағанбыз. Бірақ, әлі күнге дейін дәл осы Қазығұрт ауданында осындай заңсыздықтарға жол беріліп келе жатыр! Қалай түсіндіруге болады енді, бір емес, екі емес?! Қайталана береді! Әр кеңесте Қазығұрттың әкімдерінің жер бойынша проблемасы алдымыздан шығады. Тағы да заңсыздық! Енді заңды бұзудың да шегі, шекарасы болуы керек шығар?! Әлде заңды түсінбейсіздер ме, бәлкім бағынбайсыздар ма, не кедергі? Мүмкін сіздерде заңды түсіну, оған бағыну ұғымы дұрыс жолға қойылмаған болар? Қалай түсінеміз енді? Қазір жиында Қақпақтың да мәселесі қаралып жатыр, онда да дәл осы жер телімі бойынша заң бұзушылықтар. Онда Қазығұрт ауданындағы бүкіл ауыл әкімдері сауатсыз, заңды білмейді, немқұрайлы қарайды деген сөз!”

Сондай-ақ, тәртіптік кеңесте Қақпақ ауыл округіндегі жер инспекторының мәселесі қаралды. Мұнда полиция бекеті үшін сатып алынған тұрғын үйдің жер телімі тұрақты пайдалану құқығымен өзгертілген. Шешімді жер инспекторы тиісті 30 күннің ішінде емес, оны 2 күнге кешіктіріп шығарған.

Заң аясында мемлекеттің меншігіндегі жер учаскесінің мәселесі 1 ай ішінде қаралып, жауап болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкер заңды елемегені үшін жазаға тартылды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz