Жарылған коллектор маңындағы отбасыларға пәтер берілмейді

Оңтүстік шағынауданындағы кәріз коллекторы қауіп төндірген апатты үй тұрғынларына пәтер берілмейтін болды. Алғашында екі жанұяны қатерге тікпес үшін қала әкімі оларға баспана беруге қаулы шығарған болатын.

Бірақ бүгінде ондағы апатты жағдай толық қалпына келтірілді. Енді құбыр үстіне орналасқан барлық үйлер бұзылмайтын болып шешілді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов журналистермен өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.

Кәріз коллекторы жарылдыҚаңтар айында қирау қаупі туындаған екі үй тұрғындарына пәтер берілмейді. Алғашында баспанасын тастағысы келмеген жерлестеріміз енді жергілікті биліктен үйін даулауға көшіпті. Еске салар болсақ, жаңа жылдың алғашқы аптасында Чапаевка елдімекеніндегі кәріз колекторы жарылып, бірнеше үйге қауіп төнген болатын.

Шаһар басшылары аумақта төтенше жағдай жариялап, тұрғындарды қауіпсіз аумаққа көшіруді қолға алған. Бірақ екі үйдегі 13 жан баспаналарынан кетпейміз деп, үзілді-кесілді қарсылық білдірген.

Осы мәселеге қатысты «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС «Даму» банкінен несие алып, тозығы жеткен ескі коллекторда айналма құрылыс жүргізіпті. Бүгінде 750 метрлік құбыр жаңартылды. Нәтижесінде ескі нысанға жақын орналысқан 100 баспанаға төнген қауіп толығымен жойылды.

Міне, осылайша, кезінде берген пәтерді місе тұтпаған жандар ақырында өз үйлерінде қалды.

Нұрлан Жаңабай

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР