//
Жас мамандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті Жаңалықтар 

Жас мамандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті

Шымкенттік жастар бос орындар жәрмеңкесіне келіп, түрлі ұсыныстарды саралады. М. Әуезов атындағы ОҚМУ-де осындай шара өтіп, биыл жоғарғы оқу орындарын бітірушілерге бірден жұмысқа орналасуға бағыт-бағдар беріліп отыр. Жауапты мамандардың айтуларынша, жәрмеңкеге кәсіпорын мен мекемелерден 115 ұсыныс түскен.

Жас мамандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті

Атап айтқанда білім беру ошақтары – 40, ауыл шаруашылығы саласының жауаптылары 15-ке жуық маманды жұмысқа қабылдайтынын мәлімдеді. Екі қолға бір күрек іздегендер мұнда мекеме басшыларымен тілдесіп, жұмыстың талаптары мен жас маманға ұсынылатын мүмкіндіктерге қанықты.

Білім мен жұмыс өтілі. Жұмыс берушінің үміткерге қояр басты талабы – осы. Бұл жолғы жұмыс іздеушілердің дені соңғы курстың студенттері. Олар алдағы айларда диплом алған сәтте жұмыс орным дайын тұрса деген ниетте. Жастарға мұндай мүмкіндікті жоғарғы оқу орындары беріп отыр. Жұмыс іздеген студенттердің бірі мұнай-газ ісі мамандығының IV курс студенті Талғат Есжанов. Жас мамандар жәрмеңкесіне келіп, өзін қызықтырған бірқатар жұмыс орындарымен танысты.

Жас мамандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті

Биыл бір ғана Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 82 мамандық бойынша 2694 түлек оқу бітіріп, диплом алады.

Айта өтейік, бұл – жұмыссыз жастар үшін қолға алынған биылғы алғашқы жәрмеңке. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай пайдалы шара алдағы маусым және тамыз айларында да өткізіледі.

Дана Тұрғынова

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

1 пікір - "Жас мамандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Салеметсізбе, бос орындар жәрмеңкесі тағы қашан өткізілетіні жайлы қалай білуге болады? Мен кешіккен жоқпынба және қатысуға мүмкіндігім барма?

wpDiscuz