Жеке қазандық орнатқандар айыппұл төлейді

217
Жеке жылыту қазандығы

Жеке жылыту қазандығыКөп қабатты үйлердегі орталық жылу жүйелерінен ажырап, өз бетінше жеке қазандық орнатқан тұрғындарға әкімшілік айыппұл салынады. Бұл жұмыстар басталып кетті. Еліміздегі қолданыстағы нормаларға сай, жеке қазандық 5-қабаттан жоғары қабаттарға рұқсат етілмейдтін көрінеді.

Қала әкімдігі қызметкерлерінің жүргізген зерттеулері бойынша бір ғана Нұрсәт шағынауданындағы 10 үйдегі 75 пәтер иесі жеке қазандық орнатқан. Биылдың өзінде осындай жүйелерден екі отбасы газдан уланған. Жалпы, Шымкент қаласында жеке қазандық құрғызғандардың қатары 17 мыңнан асады.