Жер инспекциясы басқармасының басшысы тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен конкурс нәтижелері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы жер инспекциясының басқармасының басшысы лауазымына Марат Әлібеков тағайындалды.

Марат Әлібеков

Марат Әлібеков

Марат Серікұлы 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – заңгер, экономист.

Еңбек жолын 1990 жылы Шымкент облыстық агроөнеркәсіп комитетінің қаржы-есеп бөлімінің маманы болып бастаған. 1997-2015 жылдары Оңтүстік-Шығыс өңірлік көлік прокуратурасының Шымкент көлік прокуратурасы прокурорының көмекшісі және аға көмекшісі, бас көлік прокуратурасының Ақмола көлік прокурорының көмекшісі, бас көлік және Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратураларының әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты бақылау бойынша прокурордың көмекшісі және басқарманың аға прокуроры, Шымкент қаласы Абай ауданы прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарған.

2015 жылдың тамызынан бастап Шымкент қаласы Абай ауданы прокуратурасының прокуроры болып қызмет етіп келді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР