Ғабидолла Әбдірахымов жол қауіпсіздігіне жауаптыларды қатаң сынға алды (видео)

Шымкентте жол қауіпсіздігін қолға алып, тәртіпті күшейту керек! Әкімдікте өткен шұғыл жиналыс кезінде қала әкімі осылай деп қатаң тапсырды.

Ғабидолла Әбдірахымов

Ғабидолла Әбдірахымов

— Шынымды айтсам, мен жаңағы (жол апатының кесірінен жарақат алған балалар — ред.) балаларды көргенде бауырым езіліп кетті. Мына жиналыста қазір менің қаным қайнап отыр,- деп бастады сөзін Ғабидолла Әбдірахымов. — Мына жерде бәріміз топырлап не үшін жүрміз, біздің балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмасақ?! Кешегі жол апатын жасаған азамат өз жазасын алуы керек! Қылмыскерлерге ешқандай аяушылық болмасын! Және жол үстінде сайтандай ұшып жүретіндер түбінде осылай болатынын біліп қойсын!

Соңғы кездері қала аумағында жол ережесін бұзу көрсеткіші жиілеп бара жатқанын сынға алған қала әкімі осы салаға жауапты мамандарды да сынға алды.

— Мен полицияның жүргізуші куәлігін беретін бөліміндегілердің барлығын жұмыстан қусақ деп ойлап тұрмын. Кезінде куәліктерді сатқандары үшін олар да жауап беруі тиіс! Сол орындарға жұмыс істейтін адамдарды тағайындау керек. Конкурс өткізіп, оған бұқаралық ақпарат өкілдерін қатыстырамыз. Көлікті жүргізе алмайтын адамдарға жүргізуші куәлігін мүлде бермес үшін жауапты орынға әділ мамандарды қоямыз. Бұл — қылмыскердің қолына тапанша берумен тең!

Ғабидолла Әбдірахымов қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Асқар Бейсенбаев пен қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірханға бірқатар өзекті мәселелер бойынша қатаң тапсырма берді. Оған сәйкес, қаладағы жол қауіпсіздігі бойынша күрделі реттеу жұмыстары жүргізіледі. Жол апаттары жиі орын алатын орындар толық зерделеніп, жол белгілері, жасанды жол кедергілері, дабыл жолақтары, бағдаршамдар қажеттілігі анықталады. Облыстық әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекция бөліміне ұсыныс енгізіледі.

Бұған қоса Шымкент әкімі қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаев пен тұрғын үй, коммуналды шаруашылық бөлімінің жетекшісі Нұрлан Бектұрсыновқа қатаң ескерту жасады.

— 2015 жылдың 4 айында біздің жолдарда 440 жол апаты тіркеліп, соның кесірінен 16 адам мерт болды. Олардың оны — балалар. 556 адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Ал 2016 жылдың 4 айында 321 жол апаты болып, соның салдарынан 386 адам жарақат алды. 22 адам мерт болса, 12-сі — бүлдіршіндер, — деді қайғылы статистиканы таныстырған қала әкімі.

Сөз соңында Ғабидолла Әбдірахымов көлік басқарғандарға ескерту жасады.

 — Құрметті шымкенттіктер! Бір-бірімізді сақтап, құрметтейік! Егер сіздер көлік отырсаңыздар, өз өмірлеріңізді аямасаңыздар да өзгелерді аяңыздар. Егер көлік басқара алмасаңыздар, жаяу жүріңіздер. Жетер енді! Әсіресе, жастарға айтарым — жыл сайын ондаған сәби мерт болады. Ал сіздер түрмеге қамаласыздар? Осының бәрі қажет пе? Азаматтарымыздың қауіпсіздігі — біз үшін ең басты жауапкершілік!

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР