//
Спорт 

Құрлық біріншілігінде шымкенттік боксшы үздік танылды

Павлодар қаласында жастар арасында бокстан Азия чемпионаты өтті. Өскелең ұрпақ та құрлық бойынша епті екенін дәлелдей білді. Бұл жолы 6 отандасымыз чемпион атанды. Олардың арасында Оңтүстіктің спортшысы Нұрдаулет Ұланұлы да бар. Нұрдаулет ауыр салмақтағылар арасында сынға түскен болатын. Жерлесімізді бүгін таңертең жерлестері күтіп алды.

Шымкенттік боксшы Азия чемпионы атанды
Шымкенттік боксшы Азия чемпионы атанды

Жерлесіміз бірінші жекпе-жегін қырғыз спортшысымен өткізді. Келесі айналымда үндістандық былғары қолғап шеберінен басым болып, ақтық кездесуде өзбекстандық Худоргоновпен бақ таласты. Бұл жолы да Оңтүстік мақтанышы мықты болды. Нәтижесінде Оңтүстік қоржынына кезекті алтын медаль салынды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz