//
Қарақшылық шабуыл Жаңалықтар Оқыс оқиға 

Қарақшылық шабуыл жасағандарға іздеу жарияланды

Оңтүстікте қарақшылық шабуыл жасауға қатысты үш күдіктіге іздеу жарияланған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының жетекшісі Салтанат Қаракөзова мәлімдеді.

Қарақшылық шабуылПолиция өкілдерінің айтуынша, 2016 жылдың 9 мамыры күні таңғы сағат 05:45-те Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының кезекшісіне суыт хабар түседі. Қоңырау шалғандар коммерциялық киоскіде жұмыс істейтін 48 жастағы жергілікті тұрғынға шабуыл жасалғанын хабарлайды.

Оқиға орнына келген шұғыл-тергеу тобы бетперде киген белгісіз үшеудің травматикалық тапаншадан жәбірленушіге бірнеше оқ атқанын анықтайды. Бұдан кейін қарақшылар қашып кеткен. Ал жәбірленушіге аудандық аурухана дәрігерлері көмек көрсетті.

Бұл факті ішкі істер басқармасының реестрінде тіркеліп, қылмысты кодекстің 192-бабы (Қарақшылық шабуыл) бойынша іс қозғалды.

– Осы қарақшылық шабуылды ашу үшін облыстық ішкі істер департаментінің криминалды полиция басқармасы мен Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының ең тәжірибелі мамандарынан арнайы топ құрылды, – Салтанат Қаракөзова. – Қазір сотқа дейінгі тергеу-тексеру жалғасып, күдіктілерге іздеу жарияланған.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz