Қазығұрт ауданында 22 елдімекенде ауызсу жоқ

444444444444444Қазығұрт ауданында 22 елдімекеннің халқы ауызсусыз отыр. Оның ішінде үш ауылдың халқы әлі күнге бұлақ суымен күнелтіп келеді. 19 ауылға күні бүгінге дейін су құбыры тартылмаған.

Бұл туралы аудан әкімі Төлеген Телқараевтың есептік жиынында айтылды. Әкім орынтағына жайғасқанына бір айдан енді асқан шенеунік жуырда аудандағы бірқатар елдімекендерді аралап көрген.

Айтуынша, ауданда жол, су, табиғи газ мәселелері әлі күнге шешімін таппаған. Сондықтан жергілікті билік өкілдері биыл коммуналдық сала мен инфрақұрылымға басымдық береміз деп құлшынып отыр.

Айта кетейік, ауданда бүгінде 64 елдімекеннің 42-сіне ғана су құбыры тартылыпты. Оның ішінде 16 ауылға тіршілік нәрі тұрақты берілсе, қалғанына сағатпен беріледі. Бұдан бөлек 19 елдімекенге су құбыры тартылмаған. Үш елдімекендегі жұртшылық әлі күнге бұлақ суымен күнеліп отыр. Ауданды газдандыру жұмыстары да тым баяу. Қазығұрттықтардың небәрі 34 пайызы ғана табиғи газды пайдаланады. Келер жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 69 пайызға жеткізу көзделген. Ал киелі өңірдің толықтай көгілдір отынмен қамтылатын күнді әкім мырзаның өзі дөп басып айта алмайды.

Сондай-ақ, ауданның жаңа әкімі ҰБТ науқанына да әлі аса қызығушылық танытпай отырғанын байқатты. Тіпті биыл мектеп табалдырығын аттағалы отырған бітірушілердің санынан да, сынаққа қатысатын шәкірттер туралы мәліметтен де бейхабар. Дей тұрғанмен, тілшілерді ауданда тестілеуге дайындық өз деңгейінде жүргізіліп жатыр деп сендірді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР