«Қыран» «Каспийден» басым түсті

Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионында Шымкенттің «Қыран» командасы 4-тур ойынында жеңіске жетті. Алаңда Каспийдің «Ақтау» футболшыларымен кездесу өткізген жерлестеріміз 2:0 есебімен ұтып, маңызды үш ұпайға қол жеткізді. Енді қоржындарында 9 ұпай бар қырандықтар 8 мамыр күні Мақтааралдың жергілікті футболшыларымен матч өткізеді.

Қырандықтар енді Мақтаралдың футболшыларымен үш ұпайға таласады, фото клубтың баспасөз қорынан

Фото клубтың баспасөз қорынан

Кездесу барысында алаң иелері басымдыққа ие болумен қатар қарсыластар қақпасына бірнеше рет шабуыл жасады. Амерби Динаевтің шәкірттері ақтаулықтарға қарсы ұтымды гол салуға мүмкіндіктерді қолданды. Айта кетерлігі, биылғы маусымда бірнеше жаңа қорғаушы және шабуылшымен толыққан «Қыран» командасы Қазақстан біріншілігінде өз биігінен түспеуді мақсат етіп отыр.

Константин Задорожный, ағайынды Эльмар және Элгар Набиевтер, Шәмші Самат, Евгений Нохрин атты талантты футболшылар алаңда жасындай жарқылдады. Сонымен қатар дарынды қақпашы Талғат Каленов өзінің шеберлігімен көпшіліктің ыстық ықыластарына бөленді.

Екінші таймда «Каспий» қақпасын қорғаған қақпашының осал жерін тапқан шымкенттік Бағлан Бөрібай есепті ашты: 1-0. Жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген қырандықтар есепті еселеді. Константин Задорожный қарсыластар қақпасына алғашқы голын соқты. Есеп 2:0. Қонақтар қанша рет шабуыл жасағанымен, таблодағы есеп ойын соңына дейін өзгермеді. Маңызды үш ұпайға қол жеткізген «Қыран» турнир кестесінің үшінші орнына тұрақтады. Алда жауапты кездесу бар. 8 мамырда шымкенттіктер Шайзидин Кенжебаев баптайтын футболшылармен күш сынасады.

«Қыран» командасының баспасөз орталығы

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР