Әлия Назарбаева күнгейлік талантты бүлдіршіндерді іздейді

Қаржы, құрылыс, ақпарат салаларында қызмет етіп, есімі елге танылған Әлия Назарбаева енді жас таланттарды іздеуге көшті. Анығырақ айтсақ, ел аумағында «Бала дауысы» жобасын қолға алды. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған бастаманы да өзі басшылық ететін «Жандану әлемі» қоры қаржыландырмақ. «Балалар дауысы» додасының алғашқы кезеңіне куәгер болып қайттық.

4

Алдымен сахна сыртындағы, дәліздегі жағдайды көзіміз шалды. Бірі өлең сөздерін жаттаса, екіншісі әуенін қайталап әлек. Таңғы сағат 9-дан ұзын-сонар кезек күткен қатысушылардың да қарасы қалың. Барша бүлдіршіннің арманы әзірге біреу — «Бала дауысы» жобасының жеңімпазы атану.

Айсымбат Асылхан

Айсымбат Асылхан

Айсымбат Асылханның жасы — 12-де. Жеткіншек «Бала дауысына» қатысу үшін Шардара ауданынан арнайы келген. Дауыс додасына үкілеп қосқан әндерінен бөлек, қазылар алқасы үміткердің қосымша ағылшын тіліндегі ән орындауын талап етті. Қуантарлығы — жерлесіміз тосылған жоқ.

Айсымбат Асылхан,  «Бала дауысы» жобасының үміткері: Сахнаалды қатты қобалжыдым. Тіпті бұл сезім өнер иелерінің алдында ән айтқанымда да басылған жоқ. Әлі толқып отырмын. Бірақ шығарманы ойымдағыдай шырқадым дей аламын, себебі дайындығым жақсы болды. Болашақта Маржан Арапбаева сияқты әйгілі әнші болғым келеді. 

10

7-14 жас аралығындағы үміткерлердің талантын қазақ эстрадасының жұлдызы Маржан Арапбаева бастаған топ бағалап отыр. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне — биыл алғаш рет ұйымдастырылған сайысқа Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» жекеменшік қоры қолдау көрсеткен.

1

Мұрат Исаханов, «Жандану әлемі» жекеменшік қорының өкілі: 3 ай бойы еліміздің бар аумағын аралап, өнерпаздарды іздейтін боламыз. Ал үміткерлердің ең алдымен дауысына, одан соң әртістік қабілетіне баса назар аударып жатырмыз. Оңтүстіктің бүлдіршіндерінен күтер үміт көп, себебі өңір — өнердің қаймағы бұзылмаған мекен екенін ерекше айтықымыз келеді.

Осылайша 200-ге тарта үміткердің дауысын тыңдау шарасы 2 күн бойы өрбиді. Төрешілер тарапы күнгейдің 30 өнерпазына ғана Астанаға жолдаманы сыйлайтынын мәлімдеді. Ал ақтық сын тамыз айында Елордамызда өтеді. Жеңімпазға еліміздің ең үздік саз мектебінің грантын иемденеді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР