//
Оңтүстіктің полицейлері өзбекстандық әріптестерімен келісімге келді Жаңалықтар 

Оңтүстіктің полицейлері өзбекстандық әріптестерімен келісімге келді

2016 жылдың 20 мамыр күні ОҚО ішкі істер департаментінде Қазақстан және Өзбекстан Республикасы ішкі істер органы ұйымдарының екі мемлекеттің заңсыз көші-қонға жол бермеу, трансұлттық және экстремистік қылмыстармен күресуде шекаралық қарым-қатынасты жандандыру, екі жақтың жұмысын үйлестіру мақсатында кездесу өтті.

Оңтүстіктің полицейлері өзбекстандық әріптестерімен келісімге келді

Жиынға Қазақстан Республикасы тарапынан ҚР ІІМ штаб департаментінің бастығы, полиция полковнигі С.Сүйінбаев, ОҚО ІІД-нің бастығы, полиция генерал-майоры А.Оспанов. ҚР ІІМ ЭҚКД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Д. Разуев, ҚР ІІМ штаб департаментінің ерекше тапсырмалар бойынша инспекторы, полиция майоры Қ.Абдигалиев, Қызылорда облысы ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ж.Оспанов, ОҚО ІІД ЖПҚ бастығы, полиция полковнигі Б.Абылаев және ОҚО ІІД-нің жеке құрамы қатысты.

Ал көрші Өзбекстан делегациясын, Сырдария, Джызак, Новои облысы ІІБ-ның өкілдерін Ташкент облыстық ішкі істер басқармасының бастығы, полиция полковнигі А.Бабаходжаев бастап келді.

Оңтүстіктің полицейлері өзбекстандық әріптестерімен келісімге келді

Жиынға қатысушылар аталған кездесудің Қазақстан және Өзбекстан Республикаларының шекаралық ынтымақтастығын арттыруда, екі тараптың ІІО арасындағы жұмысының әлеуетін арттыруға үлкен септігін тигізетінін атап өтті. Екі жақ мемлекеттің ведомствоаралық қылмыспен күресуде Қазақстан және Өзбекстан ІІМ арасындағы бірлестік және шекаралық аймақтағы өзара әрекеттестік, сондай-ақ, көпсалалы бағытта келісім жүргізілді.

Сонымен қатар криминогендік жағдай, трансұлттық қылмыс пен есірткі сауда санының өсуі, әсіресе шекара аймақтағы көші-қон процесі екі жақтың күшейтілген әрекеттестігін қажет ететінін көрсетті. Екі жақты кездесу нәтижесінде шекаралас облыстың ІІО әрекеттестігін арттыру, екі тараптың қылмыспен күресу, экстремистік және тансұлттық қылмыстылықпен күресу, соттан және тергеуден жасырынған ауыр және аса ауыр қылмысқа күдіктілерді ұстау, заңсыз көші-қонға қатысты жұмыс тобының ақпаратпен алмасуы, автокөлік ұрлау және тағы басқа арнайы жедел іс-шаралар орындау мақсатында қатысушылар бір-бірімен ой бөлісті және нақты ұсыныстар жасалды.

Оңтүстіктің полицейлері өзбекстандық әріптестерімен келісімге келді

Кездесу соңында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы ІІО-ның көршілес облыс өкілдері арасында шекаралық заңсыз көші-қон және қылмыспен күресу жолындағы әрекеттестік бойынша екі жақты келісімдерге қол қойылды.

ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz