//
Жаңалықтар 

2025 жылы елде витруальды музей жұмыс істейді

2025 жылға дейін Қазақстанда виртуальды музей жұмыс жасап, электронды кітапхана жүйесі толықтай іске қосылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қоғамдық кеңес алдында есеп беру кезінде мәлімдеді. 14 облыс пен 2 қаланың қоғамдық кеңес мүшелері қатысқан онлайн бейнеконференцияда министр басқарып отырған мекеме жұмысының барысы мен жоспарлары туралы баяндады.

Спортшыларымыз ушыққан допинг мәселесінен аулақ екенін айта отырып, алдағы Риода өтетін олимпиадада жоғары дәрежеде өнер көрсететініне сенім білдірді. Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, болашақта меценаттардың көмегімен спорттық нысандар салынатын болады.

Конференция кезінде аймақтық өңірлердегі азаматтар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz