//
Жаңалықтар 

22 елдімекенге газ жеткізіліп, 65 адам таза су ішеді

Биыл Оңтүстікте 22 елдімекенге табиғи газ тартылып, 90 мыңға жуық отбасы көгілдір отынмен қамтылады. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту бағытында да жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. нәтижесінде 65 мың тұтынушы таза ауызсуға қол жеткізеді. Бұл мәлімдемені облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр жасады.

Ербол Садыр
Ербол Садыр

Ең өзекті мәселелердің бірі – халықты сапалы ауыз сумен қамтуға биыл облыс бюджетінен 6 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Қаражат 26 жобаны жүзеге асырып, 69 нысанның жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге жұмсалады.

Елдімекендерді газдандыру бағытында да жүйелі жұмыс жүргізілуде. 32 нысанның құрылысына және 24 нысанның жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге қомақты қаржы бөлінген. Жылдың соңына дейін 24 нысан іске қосылып, 22 елдімекендегі 90 мың тұрғын көгілдір отынмен қамтылады.

“Жұмыспен қамту жол картасы-2020” бағдарламасы аясында 16 мың адам тұрақты жұмысқа орналасады деп күтілуде. Нәтижесінде аз қамтылған азаматтар саны 8,1 пайызға төмендейді деген жоспар бар. Ал жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрайды. Бірақ, жыл соңына дейін жасалатын тындырымды тірліктердің нәтижесінде бұл көрсеткіш төмендеуі де мүмкін.

Шынар Оразова

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz