Академик Өмірзақ Айтбаев жерлестерімен жүздесті

Дұрыс қоғамды қалыптастыру үшін жастарға білім емес, алдымен тәрбие беру маңызды. Сондықтан қазір мектеп бағдарламасына ұлттық тәрбие сағаттарын енгізу қажет. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі Өмірзақ Айтбаев жоғарғы оқу орны жастарымен өткен кездесуде айтты.

Профессордың сөзіне сенсек, тәлімсіз берілген білім педагогтардың мәртебесінің төмендеуіне әкеледі. Мәселе күрделеніп-қордаланбауы үшін жастолқынның мемлекетке тиісті «борышкер» екенін де жиі еске салуды құнтттау.

Есімі елімізге әйгілі, Қазақстан Республикасы ғылым академиясының және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, филология ғылымының докторы, профессор Өмірзақ Айтбаевты күнгейлік зиялы қауым сән-салтанатымен қарсы алды. Гүл шоқтарын табыстады. Сәлем-сауқат сұрасқан cтуденттер мен педагогтар ғалымның 80 жылдық мерейтойымен құттықтауды да ұмытқан жоқ.

Бақытжан Маратбек, студент: «Ғылым мен білімді ұштастырған адамға деген құрметім ерекше. Одан соң, Өмірзақ ағамыздың сазгерлік қабілеті туралы да естігенмін, әндерін тыңдадым. Бір емес, барша алаштың жанашыры ғой. Сондықтан әрқайсымызға үлгі! Оның шәкірттері де қазір елдің ертеңіне үлесін қосатынына сенемін!»

Жергілікті айтыскер ақындар Ө.Айтбаевқа жыр-арнауларын жолдады

Жергілікті айтыскер ақындар Ө.Айтбаевқа жыр-арнауларын жолдады

Осыдан 24 жыл бұрын кейіпкеріміз филология ғылымдарының докторы мәртебесі алған. Бұл үшін автор аз еңбектенген жжоқ. Айтбаевтың ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыттары қазақ тілінің лексикологиясы мен терминологиясы мәселелеріне арналған. Ол осы бағытта 500-ге жуық мақала жазып, «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен де марапатталды. Тәжірибелі педагогтың айтуынша, қанша еңбек жазғанымен, оны шәкірттің санасына сіңіруде алдымен ұлттық тәрбие маңызды.

Өмірзақ Айтбаев, ҚР Ғылым академиясының академигі: «Менің ұстаздарым жақсы адамдар болды. Олардан алған тәлім-білімім бүгінге дейін азық. Олар маған рухани білімді де сыйлады ғой. Сол сияқты мен де еңбектендім. Іздендім, ана тіліме деген жанашырлығымды ғылым арқылы, оны зерттеп-зерделеу арқылы жеткізгім келді. Бірақ мен мұны марапат немесе академик атағы үшін жасағаным жоқ, мемлекетім мен тіліме деген құрметім еді».

«Отырардан ұшқан алып тұлға» атты әдеби-танымдық кеш аясында студенттер мен ұстаздар кеш кейіпкеріне сауал қойып, сұхбат жүргізді. Сөз соңында Өмірзақ Айтбаев әрбір азамат елдің болашағы үшін ғылым ашпаса да, оны қолданысқа енгізуі үшін атсалысуы маңызды екенін алға тартты.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР