//
Жаңалықтар 

Алматыға 244 тонна өнім тиілген керуен аттанып кетті

Оңтүстік диқандарының алғашқы өнімі жемісін берді. Бүгін ауылшаруашылығы өнімдері тиілген керуен Алматыға жол тартты. Жалпы 244 тонна азық пен көкөніс артылған жүк көліктері ертең оңтүстік астанаға жетіп,27-29 мамыр аралығында өтетін ауылшарушылығы жәрмеңкесіне қатысады.

Алматыда өтетін ауылшаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне күнгейліктер тыңғылықты дайындалған. Әр аудан шаруалары алғашқы өнімдерін жиып, оңтүстік астанаға аттандырудан бас тартпады. Әсіресе, Қазығұрттық диқандардың белсенділігі басым. Жалпы 25 тонна өнімді арзандатылған бағада сатуға бірден келісім берген.

Дастан Көшікбаев, Қазығұрт ауданы әкімдігінің өкілі: “Қазығұрттан 5 тонна сиыр етін апара жатырмыз. Сосын биыл егілген картоп, капуста, пияз өнімдері бар. Алматыға барып, сатамыз”.

Алматы базарындағы нарықтан 10-15 есе арзан сатылатын бұл тауарлардың жалпы суммасы 135 миллион теңгені құрайды. 244 тонна өнімнің тең жартысы ерте көктемге егілген көкөністер. Тағы 65 тоннасы ет өнімдері болса, 12 тонна сүт өнімдері тиілген. Ал жұмыртқаның 30 мың данасы әкетілінуде.

Нұрпапа Көпеев, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлім басшысы: “Бұл жерде күйін деп отырған шаруа жоқ. Өйткені олардың өнімін жеткізуді қала – аудан әкімдіктері демеушілердің есебінен жүзеге асырып отыр. Сосын нарықтан төмендеген сөз, Алматы базарындағы бағадан 10-15 есе төмен дегенді білдіреді. Яғни, ешқандай шаруаның еткен еңбегі еш кетпейді”.

Биылдыққа екінші рет аттанған керуен көліктері еш кедергісіз жетуі үшін жол сақшылары да бастап жүреді. бұл көкөніс пен ет, сүт өнімдерінің бұзылмай жетуіне септігін тигізбек.

 

 

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz