//
Арғынбеков көшесіндегі қауіпті жолаққа бағдаршам қойылды Жаңалықтар 

Арғынбеков көшесіндегі қауіпті өткелге бағдаршам қойылды

Шымкенттегі Арғынбеков көшесінің бойы мен Нұрсәт шағынауданы маңындағы жаяу жүргінші өткеліне бағдаршам орнатылды. Тұрғындардың талап-тілегіне жергілікті билік құлақ түріп, жолақ маңын қадағалауға алып отыр.

Арғынбеков көшесіндегі қауіпті жолаққа бағдаршам қойылды

Бұған себеп – таяуда ғана дәл осы жолақта болған қайғылы жол апаты. Еске салайық, бұл өткелде бір отбасының үш бірдей мүшесі жапа шеккен болатын. Жүйткіген автокөлік жаяу жүргіншілер жолағында екі баласын ерткен ананы қағып кеткен еді.

Соның салдарынан екі бала мерт болса, аналары жансақтау бөлімінде жатыр. Жантүршігерлік оқиғадан кейін қала тұрғындары наразылық білдіріп, жол белгілерін орнатуды сұранған болатын.

Айта кетейік, Арғынбеков көшесінің құрылысына 1 млрд 700 млн теңге жұмсалған. Жобада бағдаршам орнатуда көзделген. Бірақ, белгісіз себептермен жұмыс аяқталмай қалыпты.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz