//
Жаңалықтар 

Астананың жастар театры балалық шақты баяндады

“Көзіме бір көрінсең, бала ғашық…” Астананың жастар театры күнгейдегі гастрольдік сапарын осындай тақырыптағы тың туындымен қорытындылады. Қаламгер Бердібек Соқпақпаевтың балалық шаққа саяхат шектіретін шығармасы кезекті рет комедиялық жанрмен астасып, көпшілікті күлкіге көмді, бірауық аға буынның балалығын еске салды.

Бала арман, алаңсыз аңғал көңіл мен қызықпен қауышатын қағытпа сәттер. Мұның барлығы да ауыл тынысынан көрініс тапты. Бірауық балалақ шаққа саяхат шеккен көрермен Елодадан келген жас өнерпаздардың шеберлігіне, сағынышқа айналған сәттерді сыйлағанына мәз-мейрам.

Қойылым желісі Қожабергеннің есімі және оның үнемі келемеж-қалжыңға тап болуы баяндалады. Бір сыныпта екі Қожа оқығандықтан, олардың жекелей танып, шатастырмас үшін достары оны «Қара Қожа» деп атап кетеді. Осы сәтте Жантас та қарап қалмады, қалжыңына қағытпа тауып, кейіпкерді “қара көжеге” теңеп мазақтаумен болды. Бірақ Қожа бұл қиындықтарға мойыған жоқ, оның бала махаббаты күресуге үйретті. Әттеген-айы сол, қос Қожа бір сұлуға – Жанарға ғашық болды.


“Көзіме бір көрінсең бала ғашық…” қойылымы тетардың қоржынына 3 жыл бұрын енген. Қоюшы-режиссері Нұрқанат Жақыпбай ұжымның күнгейлік көрерменге туындыны ұсыну үшін дайындығын қайта пысықтап, аз-кем әзілге әсірелеу де жасалғанғанын жасырған жоқ.

Нұрқанат Жақыпбай, қоюшы-режиссер: “Әсірелеу үшін ән қосылды. Нұрғиса Тілендиев пен Әсет Бейсеуовтың шығармалары шырқалды. Оның бәрін хормен айтады. Бір ерекшелігіміз де осы – қойылымдағы әндерді тек өзіміз жанды дауыста орындаймыз!”

Қойылым соңы Қожаның еркелігін Майқанованың мейірбандықпен кешіруімен аяқталды. Осынау ауқымды спектакльді сахналау үшін Астананың жастар театрының 43 әртісінің барлығын жұмылған.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz