//
Жаңалықтар 

Бәйдібекте мектепті 50 жыл бұрын бітірген түлектер бас қосты

Ұрпақтар сабақтастығы ұлықталған күн. Бүгін Бәйдібек ауданындағы Саттар Ерубаев атындағы мектепті осыдан 50 жыл бұрын бітірген түлектер бас қосты. Бір кездері бозбала мен бойжеткен болған түлектер соңғы қоңырау салтанатына қатысты.

Бұл салтанатты жиынға келген сағынысқан сыныптастардың қауышу сәті. Ақ бантиктерін ақ жаулыққа ауыстырған асыл аналар мен ел ағаларының арасында білдей халық қалаулылары, түрлі ғылым салаларында еңбек сіңірген оқымыстылар да бар. Бас-аяғы жиналған соң түлектер алдымен білім ордасына есімі берілген Саттар Ерубаев ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты.

Ұрпақтар сабақтастығын жалғастырған түлектер соңғы қоңырау соғылған салтанатты кештің қадірлі қонақтары болды. Ән әуелеген әсерлі кеште алдыңғы буын ағалағар үлкен өмірге қадам басқалы тұрған бітірушілерге ақ тілектерін арнады. Үмітін үкілеген түлектерге сәтті сапар тіледі. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқанына жарты ғасыр өткен бітірішулер бүгін тағы да сыңғырлаған қоңырау үніне куә болды.

Қоңырау соғылғаны сол екен, бір кездері бозбала мен бойжеткен болған түлектер алтын ұя мектептеріне қарай аяңдады. Құдды бір сабаққа асыққан шәкірттердей сынып бөлмесіне кіріп, әр қайсысы өз парталарына жайғасты. Бір кездері осы мектепте озат оқушы болған облыстық мәслихат депутаты Шәріпбек Жамалбек бүгін де белсенді.Осынау басқосуға ұйытқы болған ел ағасы сыныптастарымен бірге артта қол бұлғап қалған қимас шақтарды еске алды.

Осылайша балғын сәттерге саяхат жасаған сыныптастар ұрпақтар сабақтастығының үлгісін көрсетті. Жылдар бойы бойы көріспеген қатарластар осылайша сыр шертісіп, әуелете ән де шырқады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz