Балық браконьерлері ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері табиғатты қорғау бағытында 60-тан аса заң бұзушылықты анықтады. Өңірде 7 сәуір мен 30 мамыр аралығында облыстық жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау инспекторларымен бірлесе «Уылдырық» жедел алдын алу шарасын өткізуде. Іс-шараның мақсаты — заңсыз балық аулау, су жануарлары мен өсімдіктеріне зиян келтірудің алдын алу, осы бағыттағы құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау.

Балық браконьерлері ұсталды

Рейдтің басынан бері заңсыз балық аулауға қатысты 8 экологиялық қылмыс және 53 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Полицейлер заңсыз ауланған 100 келіден астам балық, 11 қайық пен басқа да балық аулау құрылғыларын тәркіленді.

Балық браконьерлері ұсталды

Нақты айтқанда, Отырар ауданының тәртіп сақшылары Сырдария өзені бойында электрмен заңсыз балық аулап отырған 1984 және 1988 жылы туған екі жергілікті тұрғынды ұстады. Олардан айғақ ретінде резіңке қайық, екі аккумулятор және 23 келі сазан мен мөңке балығы тәркіленді.

Балық браконьерлері ұсталды

Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 335-бабымен (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Балық браконьерлері ұсталды

Сондай-ақ, заңсыз балық аулауға қатысты 56 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 700 мың теңге шамасында айыппұл салынған. Оңтүстіктің барлық аймағында өтіп жатқан «Уылдырық» рейді жалғасуда.

Балық браконьерлері ұсталды

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР