Биыл 500 түлек тұрақты жұмыспен қамтылады

«Жастар тәжірибесі » жұмысқа шақырады. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясындағы бұл бағыт биыл 2013-2016 жылдары аралығындағы түлектерді қамтып отыр. Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарлама аясында 1 жарым мыңнан астам жас жолдама алып, жұмыспен қамтылған. Салаға жауаптылар келер жылға дейін әлі 500 түлектің екі қолға бір күрек табуына мұрындық боламыз деп отыр.

Майра Раушанбекқызы былтыр есептеуіш машинасының операторы мамандығын алып шыққан.Дипломды жас өз мамандығым бойынша әлі күнге жұмыс таба алмай келем дейді. Жастар тәжібесінен үмітті ол бүгін жұмыспен қамту орталығына құжаттарын тапсырды.Алайда, тәжірибесіз жас маманды жұмыстан гөрі жалақы мәселесі көбірек алаңдатады.

Жалақының мардымсыздығынан жастардың бағдарламаға қатысуының бәсең екенін салаға жауаптылар да жасырмайды. Жыл басынан бері Шымкентте жұмыссыздықты алдын алуға бағытталған бағдарлама бойынша бір  жарым мың жасқа жолдама берілген. Әлі 500 ден аса түлекті жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар. Айта кетейік, былтыр бұл бағдарлама аясында екі қолға бір күрек тапқан 600 ден аса жас маманның 70 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылған.

Орталық қызметкерлері жолдамалардың жұмыс берушілердің сұранысына қарай берілетінін айтады. Бұл бағдарлама қатысушыларының алты айлық мерзімі біткеннен кейін бос сенделіп қалмай, тұрақты жұмысқа орналасуына кепіл. Айта кетейік, қазір қалада заңгер, экономист, есепші мамандықтарына сұраныс зор. Сондай-ақ мамандар жергілікті денсаулық сақтау нысандарында да маман тапшылығы сезіледі дейді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР