//
Спорт 

Боксшы Жайна Әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Шымкенттік боксшы Жайна Шекербекова бапкер үмітін ақтап, алдына қойған жоспарды орындай алды. Астанада жалауы көтерілген Әлем чемпионатында жерлесіміз қоладан алқа таға білді. Жартылай финалда ұлыбританиялық спортшыға ғана есесін жіберген Жайна енді Рио Олимпиадасына дайындығын бастайды. Бұл жолдама оңтүстік қоржынына салынған 17-лицензия болатын.

Шымкенттік бойжеткен енді Рио Олимпиадасына дайындалады
Шымкенттік бойжеткен енді Рио Олимпиадасына дайындалады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Естеріңізге салайық,  Шекербекова Жайна Құрманғалиқызы- ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы! Республикалық Спартакиада жеңімпазы.Бірнеше xалықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері! Азия чемпионы 2010жыл. Азия ойындарының күміс жүлдегері 2014 жыл. Күштілер турнирінің жеңімпазы.Жаттықтырушысы Виктор Иосифұлы Нечай!
Астана қаласындағы әлем чемпионатында 51 кг салмақта өнер көрсетуде.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz