Достық каналына жеткіншек батып кетті

Оңтүстікте Достық каналына жеткіншек батып кетті. Бұл жайында суыт хабар 5 мамыр күні кешке түседі. 112 нөміріне қоңырау шалғандар Мақтаарал ауданындағы Мырзакент ауылына жақын жерде Достық каналына 15 жасар жеткіншектің батып кеткенін хабарлайды.

Достық каналына жеткіншек батып кетті

— Облыстық төтенше жағдай департаментіне қарасты апатты-құтқару жасағының 5 құтқарушысы көрсетілген мекенжайға кешкі сағат 19:15-те аттанды, — дейді жасақтың ресми өкілі Павел Вишенин. — Достық каналына сүңгуірлер түнгі сағат 23:33-те жетті. Олар бірден іздеуге кірісіп кеткен.

Сол түні сағат 00:10-да жеткіншектің денесі табылды. Өкінішке қарай, бозбала 3 метрлік тереңдікке тұншығып қалған. Қазір қайғылы жағдайды полицейлер анықтау үстінде.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР