//
Жаңалықтар 

Ерліктің құрметіне екі фильм арналды

Күнгейде жеңіс таңын сыйлаған жауынгерлердің ерлігі насихатталып жатыр. Жерлестеріміз үшін бас партияның өкілдері “Отан үшін от кешкендер” және “Жеңісті жақындатқандар” атты екі бірдей тарихи фильмді таныстырды. Онда Панфилов атқыштар дивизиясының, ондағы жауға қарсы беттеген жауынгерлердің жанкештілігі көрініс тапқан.

2

Фильмде майдан алаңындағы жайттар бүкпесіз баяндалады. Сондай-ақ, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өміржолы мен ерлігін еске салар мәліметтер де бар. “Нұр Отан” партиясының хатшысы Зауытбек Тұрысбековтың айтуынша, әрқайсысы 1 сағаттан тұратын тарихи фильм жуырда халықаралық сайыстың бас бәйгесін жеңіп алды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz