Ермек Дәрменов: «Футболдан білікті маман табу қиын»

Жеткіншектерге бапкерлік ететін кәсіби мамандар облысымызда жоқтың қасы. Бұл — Оңтүстік футбол мектебінің директоры Ермек Дәрменовтың пікірі. Оның бұлай ойлауының да өз себебі бар. Өйткені, жоғары оқу орындарында футболдан кәсіби маман дайындайтын кафедра жоқ. Сол себепті облыстық футбол мектебінің ұжымы арнайы ашық сабақты ойлап тапқан.

Оңтүстікте 98 бапкер футболшыларды жаттықтырады. Олардың басым бөлігі ауылдарда жұмыс жасайды

Павел Пищюлиннің бапкерлігімен өткен ашық сабағы қалалық мамандардың шеберлік дәрісін қорытындылады. Енді ауыл-ауылда осындай іс шаралар өтетін болады. Әр ай сайын Ермек Дәрменов бастаған топ аудандарды аралап, жергілікті футбол бапкерлерінің дайындығын пысықтайтын болады. Ал бұл жолы 75 бапкер «Ордабасы» ФК бұрынғы ойыншысының дәрісін тыңдап отыр. Олардың арасында маманның әр бір кеңесін ұялы телефонына түсіріп жатқандары да бар.

Ашық сабақ барысында жасыл алаңға 12 жасар футболшылар шықты. Бұл команданы бапкерлер тектен-тек таңдап отырған жоқ. Жеткіншектер маусым айында Барселонаға жол тартады. Облыстық футбол мектебінің шәкірттері жыл сайын Испанияда тәжірибе алмасады. Оған дейін жерлестеріміз оңтүстік бапкерлерінің алдында шеберлігін шыңдауда.

Облыстық футбол мектебінде жеткіншектерді дұрыс дайындау үшін мамандар біліктілігін қайта шыңдауда

Оңтүстікте 98 футбол маманы бар. Олардың басым бөлігі ауылды жерлерде жұмыс жасайды. Ал елімізде футболдан бапкер дайындайтын оқу орны жоқ. Сол себепті де олар өзара тәжірибе алмасады. Оның үстіне соңғы екі жыл бойында облыстық футбол мектебінің шәкірттері голландиялық жүйе бойынша жұмыс жасайды.  Маусым айынан бастап аудандарда ашық сабақты ауыл мамандары өткізеді. » Бұл спорт ордасының ішкі тестілеуі» -дейді мектеп директоры. Сүрінгендерімен шымкенттік бапкерлер қайта жұмыс жасайды.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР