Ескекшілер Германияда топ жарды

294
Сергей Емельяновтың ендігі шыңы Олимпиада ойындары

Германияда өтіп жатқан Әлем кубогі сайысында Оңтүстіктің саңғлағы жүлделі болды. 500 метрге каноэмен жекелей жарыста жерлесіміз Сергей Емельянов қола медаль иесі атанды.

Сергей Емельяновтың ендігі шыңы Олимпиада ойындары
Сергей Емельяновтың ендігі шыңы – Олимпиада ойындары

Сергей осыған дейін халықаралық аренада топты жарып жүрген спортшы. Ел тарихында алғаш рет жастар арасында әлемдік аренаны үш рет бағындырған. Спортшылар отбасында тәрбиеленген Сергейдің қос ағасы да каноэда ескек еседі. Тимофеймен бірге ол талай белесті бағындырған. Инчхонда өткен Азия ойындарында жерлесіміз 1000 метрлік қашықтықта сынға түсіп, күмістен алқа таққан болатын.