Футболдан студенттік лига ойындары басталды

Шымкентте «Көктем -2016» футболдан ұлттық студенттік лига ойындары басталды. Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Болат Жанәбіл хабарлады.

Футболдан студенттік лига ойындары басталды

Сайыстың ашылу салтанаты сағат 11:00-де Абай саябағында болды. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл жарысқа білім және ғылым вице-министрі Т.Балықбаев пен облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековтер қатысты.

Турнирге облыстағы жоғары оқу орындарының 9 командасы қатысты. Айта кету керек, 2014 жылы құрылған студенттік лига қысқа мерзім ішінде ауқымды спорт додасына айналып үлгерді. Бүгінде республика бойынша 30-дан астам жоғары орнының командалары осы жарысқа қатысуда.

Сенбі күні екі ойын өтеді деп күтілуде. Жасыл алаңда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Сұңқар» командасы мен Шымкент университетінің «Бүркіт» командасы кездессе, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің «Яссауи» командасы АӘИУ-дің «Жігер» командасымен доп тебеді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР