Күнгейлік түлектер ҰБТ тапсыруға дайын

Оңтүстік өңіріндегі мектептер ұлттық бірыңғай тестілеу науқанына сақадай сай. Сондай-ақ, биыл мемлекеттік білім сынағын тапсырушы түлектердің саны 1,5 пайызға артып отыр. Бұған күнгейдегі апатты мектептердің толығымен жойылуы сеп болған. Мұндай маңызды ақпарды облыстық білім басқармасының басшылығы жорналшылармен өткен жиында мәлімдеді.

«Бақылау тестілерді алдық, бүгінде жалпы облыс бойынша көрсеткіш орта есеппен 80 пайызды құрап отыр. Ал апатты мектептердің барлығы күрделі жөндеуден өткізілген. Оның ешқандай ұлттық бірыңғай тестілеуге, балаларға кедергісі жоқ», -деді білім басқармасы басшысының орынбасары Раушан Ергашова.

Жорналшылармен өткен кезекті жиынды жағымды жаңалықтармен бастаған шенеуніктің айтуынша,  биыл мемлекеттік білім сынағын тапсырушы түлектердің көрсеткіші ғана жоғары емес, тестілеуге қатысушыларың қатары да 1,5 пайызға  артқан. Сондай-ақ, жылдағы жаттанды кемшін жағдайларды жою үшін жаңа бастамалар қолға алынбақ. Яғни, талапкерлердің аудиторияда қобалжуын жеңіп, ереже-талапты құнттауы үшін алдын -ала аудиториямен таныстырылым шарасы өтеді.

Раушан Ергашова

Раушан Ергашова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары: «Олардың аудиториядағы жүріс-тұрыстарына дейін үйретеміз. Енді тестілеу алды тағы бір рет соңғы сынақ тапсырады, сол кезде олардың отыратын орындарына дейін жайғастырып, алдын ала таныстырамыз. Көрсетеміз, тестілеуде уайымдап отырмауы үшін». 

Ұлттық бірыңғай тестілеуде түлектер үшін орын алған өзгеріс бұл ғана емес. Енді талапкерлердің жоғары оқу орнына түсуі үшін арнайы жеңілдік те қарастырып отыр.

Дина Агманова

Дина Агманова

Дина Агманова, облыстық білім саласын бақылау департаментінің бөлім басшысы: «Ұлттық бірыңғай тестілеуде шәкірт шектік балды жинай алмаған жағдайда, тамыз айында 2242 теңге төлеп,  кешенді тестілеуге қатыса алады. Яғни 4 пән бойынша сынақ тапсырып, 50 баллдан жоғары жинаған жағдайда, ол ақылы түрде Қазақстан Республикасындағы — мемлекетіміздегі жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндігі болады. Егер ол кешенді тестілеудің өзінен 50 баллды еншілей алмаса, соның өзінде талапкер тиісті құжатарын алып, оқуға түседі. Анығырақ айтсам, қатарластарымен бірге 1-курсты оқиды, бірақ айтылған 4 пәнді қосымша меңгереді. Оқы жылының 1-қаңтарында ол кешенді тестілеуді тағы да тапсырады, егер одан да сүрінетін болса келесі жылға қалады. Ал ұпайы 50-ден асса, өзге де студенттермен қатар білімін жалғастырады».

Күнгейде мемлекеттік сынақ маусымның 2-8-і күндері аралығында өрбиді. Бұл үшін 16 тестілеу бекеті жұмыс жасайды. Айта өтетін ақпар, биыл мектепті 31288 оқушы тәмамдайды, оның 19797-сі Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға ниетті.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР