Көмекшіні соққыға жыққан қария 6 жылға сотталды

55555555555555555555555555555555555555555555555555Шымкентте облыстық ауданаралық мамандандырылған сотта қоғамдық көмекшіні аямай соққыға жыққан Мақтаарал ауданының 63 жастағы тұрғынына үкім оқылды.

2007 жылы мүлікті жария ету науқаны кезінде шараға тартылған азаматпен ерегесіп қалған сотталушы былтыр кек қайтармақ болған. Достарымен бас қосып отырған жерде жәбірленушіні темір шынжырмен ұрып, өлтірмек болыпты.

Абырой болғанда арам пиғылдының әрекеті іске аспай, ауыр дене жарақатын алған жәбірленуші жолдастарының арашалауымен аман қалған. Сот айыпталушыға 6 жыл жазасын қатаң режимді колонияда өтеуді үкім етті. Сотталушы сот залынан қамауға алынды. Судьяның айтуына қарағанда, сотталушының жасы мен І топ мүгедектігі ескеріліп, жаза жеңілдетіліп отыр.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР