Маусымға жоспарланған басқармалар «көші» кейінге шегерілді

Оңтүстік әкімдігіндегі басқармалар жаңа ғимартқа сыймай қалған. Оларға арнап, Республика даңғылындағы тоғыз қабатты ғимарат қайта жөндеуден өтіп жатыр. Жылдың басында басталған құрылыстың бірінші кезеңі аяқталған. Оның барысында ғимараттың қас беті қапталып, терезелер жаңаланды.

Құрылысшылар 9 қабаттағы дәліздерді жөндеуден өткізіп, жедел сатыны да күрделі жөндеуден өткізген. Тапсырыс беруші облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы мамандарының мәлімдеуінше, құрылыстың екінші кезеңін бастауға қаржы тапшы. Сондықтан да ішкі бөлмелердегі жұмыстар тоқтап тұр.

Басқармалар жаңа орынға маусымда қоныс аударуы тиіс болатын. Қаржының тапшылығынан көшу мәселесі кейінге шегерілмек. Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімдігіне қарасты басқармалардың тең жартысы түрлі ғимараттарды жалға алып қызмет етуде.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР