Медицина саласының үздігі Разия Ысқақоваға арналған мемориал ашылды

785

Шымкентте Отан үшін аянбай еңбек еткен  Разия Ысқақоваға арналған мемориал ашылды. Жаңа ескерткіш Шымкент медицина колледжінің жанынан бой көтерген.

Ардагер осы оқу ордасында білім алған. Колледжді мерзімінен бұрын бітірген түлек, ойланбастан майдан даласына аттанады. Соғыс жылдарында оққа ұшқан науқастарды емдеп жазып, жауға қарсы саптың алғашқы шебінде тұратын. Ұзақ жылдар бойы халықтың игілігі үшін қызмет еткен Разия Шәкенқызы өзінен кейін өшпес із қалдырып, көпшіліктің есінде батыр әйел кейпінде сақталған.

vlcsnap-2016-05-13-13h31m07s236

Сейітжамал Пакеев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Разия Шәкенқызының еңбегі өлшеусіз. Қашанда жастарға үлгі бола білген. Әсіресе денсаулық сақтау саласындағы еңбегін ерекше бағалауға болады. Жас та болса Ұлы Отан соғысында жауға қарсы тұра біліп, жараланған жауынгерлерді емдеп жазған. Сондықтан оның ерлігін елеп, бүгін шымкент медицина колледжінде мемориал кешенін аштық.»