«Мен сені сүйемін, Шымкент»

Қаламызда ерекше инсталяция пайда болды. Жүрек бейнесінде жасалған туындыда «Мен сені сүйемін, Шымкент» деп жазылған. Енді шымшаһарлықтар туған қаласына деген сүйіспеншілігін айтып қана қоймай, естелікке суретке де түсе алады.

"Мен сені сүйемін, Шымкент"

Айта өтейік, мұндай ерекше инсталяция Алматы мен Астана қалаларында өткен жылы орнатыла бастаған болатын. Ал демалыс күндері әлеуметтік желілерде Шымкентті сүйетінін дәлелдейтін инсталяция жанында селфиге түскен мыңдаған сурет жарияланып үлгерді.