ОҚО әкімі 7 мамыр күнімен құттықтады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Оңтүстік өңірінің тұрғындарын 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, атаулы датаның әрбір Қазақстан азаматы үшін ерекше мереке екенін жеткізді.

Бейбіт Атамқұлов— Осыдан 24 жыл бұрын құрылған Қазақстанның қарулы күштері еліміздің еңсесін тіктеп, еркіндігімізді кеңейтті. Уақыт талабына сай әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан-жылға нығайып келеді, — деді Бейбіт Бәкірұлы. — Мемлекет басшысы, Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан! Қастерлі Отанымызға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Осынау перзенттік парызды әскери адамдар адал атқаруға тиіс! Сонда ғана біз арманымызға жетіп, мәңгілік ел бола аламыз.

Сонымен қатар өңір басшысы егемен еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғаушылар қашанда құрмет пен ілтипатқа лайық екенін айтып, бар ғұмырын Отанын қорғауға арнап, қызметін мінсіз атқарып келе жатқан әскери қызметкерлерге алғыс білдіретінін жеткізді.

«Еліміздің тыныштығын сақтау жолындағы жауапты қызметтеріңізге қайсарлық, қажымас денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Ұлттық әскеріміздің айбыны артып, Тәуелсіз еліміздің тұғыры қашанда биік болғай!», — деді Б.Атамқұлов.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР