ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды. Енді бұл қызметті Елгезек Ақберен Елгезекұлы атқарады. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты жазады.

Елгезек Ақберен

Елгезек Ақберен

Ақберен Елгезекұлы 1980 жылы Алматы қаласында туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – тарихшы, тарих пәнінің оқытушысы.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қалалық ішкі саясат департаменті қоғамдық-саяси бөлімінің бас маманы маманы болып бастаған. 2003-2015 жылдары «Қазақстан Республикасының ұлттық инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі президентінің кеңесшісі, Алматы қалалық ақпараттық-талдау орталығының директоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жастар бірлестіктерімен жұмыс істеу бөлімінің бастығы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығының бас редакторы, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы адамның үйлесімді дамуы институтының директоры лауазымдарын атқарған.

2016 жылдың ақпан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қоғамдық мониторинг бөлімінің бас маманы болып қызмет етіп келді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР