ОҚО-да 31 мың түлек мектеп бітірді

Биыл оңтүстікте 31 мың 288 оқушы мектеп бітіреді. Оның 1440-і «Алтын белгіге» үміткер. Дәл бүгін бітіруші түлектер үшін соңғы қоңырау соғылуда. Өңірде мектеп бітіруші түлектердің 75 пайызы ҰБТ тапсырады. Мемлекеттік сынақ 2-15 маусым аралығында өтетін тестілеуге 19 798 бітіруші өтініш тапсырды. ҰБТ тапсырушылардың саны өткен жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға артқан.

Ал Шымкентте 6 мың 340 түлек түлеп ұшпақ. Таңғы сағат тоғызда басталған соңғы қоңырау салтанатты шарасына облыс және жергілікті билік өкілдері қатысып, оқушылардың қуанышын бөлісті. Бүгін бітіруші түлектер мектеп қабырғасында облыс пен қаланың құрметті азаматары және ҰОС ардагерлері мен еңбек ерлерімен кездесу өткізеді.

Алдыңғы толқын ағалар мамандық таңдауға көмектеспек. Дәл бүгін мектеп бітірушілердің қауіпсіздігі үшін кешкі мезгілде арнайы рейд ұйымдастырылады. Яғни, биыл соңғы қоңырау кешін дүркіретіп атап өтуге рұқсат берілмегенін ескертеміз.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР