//
Оңтүстікте қант зауыты салынады Жаңалықтар 

Оңтүстікте қант зауыты салынады

Оңтүстікте қант қызылшасын өңдейтін зауыт салынады. Идеяның инвесторы – облыс әкімдігі.

Оңтүстікте қант зауыты салынады«Ontustik Invest 2016» халықаралық форумы аясында облыс әкімдігі мен «Аманта» корпорациясы осындай меморандумға келіп, қол қойды. Келісілген құжатқа сәйкес, корпорация 2018 жылдан бастап жылына 200 мың тонна шикі құрғақ қант, 600 мың тонна қант қызылшасын және 300 мың тонна тауарлық қант өңдейтін кәсіпорын ашпақ.

Жалпы құны 35,8 млрд теңге болатын жобада 200 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Ал мұндағы өнімнің 70 пайызы ішкі нарықты қамтыса, 30 пайызы экспортқа жіберілмек.

Сондай-ақ, халықаралық жиын кезінде жылына 5 мың тонна ет өндіретін комбинатты іске қосу меморандумы да түзілді. «Agro Kamf Group» компаниясы жалпы құны 6,3 млрд теңгені құрайтын ет өнімдерінің 50 пайызын ішкі нарыққа босатып, 50 пайызын экспортқа жібермек. Келесі жылы іске қосылатын ет комбинатында 200-дей адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz