//
Жаңалықтар 

Оңтүстікте сөреге қойылған әрбір тауар тексерілетін болады

Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңға өзгерістер енгізілді. Құжатта тауардың кемшілігін жою мен сапасыз затты ауыстыру мерзімі нақтыланды. Бұрын бір ғана норма барлық затқа қатысты болатын. Бастысы – тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі мемлекеттік органдардың құзыры кеңеймек. Олар әр 6 айдан соң және жыл соңында есеп беретін болады. Сондай ақ, тұтынушылардың да талаптары мен талғамдары басты назарға алынбақ.

Жаңа өзгерістен кейін, дүкендердегі әрбір тауар мұқият тексерілетін болды. Әрі мамандар тауар сатып аларда оның мерзімін, сапасын тыңғылықты тексеруді ескертеді.

Азық-түлік себетіБолат Нұрманов, Тұтынушылардың  құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары : ” Бұл өзгерістер қоғам үшін өте маңызды деп ойлаймын. Тұтынушы тауар турасында барлық ақпарды білу шарт. Шыққан күні, жарамдылығы. Егер сатушы тауар жайлы ақпаратты айтудан бас тартса, заң негізінде құқықтық жауапкершілікке тартылады. Екінші, кез келген тауар технологиясы белгіленген норма бойынша жасалынбаған жағдайда, кәсіпкерлер де заңға тартылады”

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz