//
Оңтүстікте «Tourism Center» туристік ақпарат орталығы ашылды Жаңалықтар 

Оңтүстікте «Tourism Center» туристік ақпарат орталығы ашылды

Шымкентте «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында «Ontustik Tourism Center» туристік ақпарат орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа орталықтың ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Б.Атамқұлов облысымыздың туристік әлеуетінің зор екенін айтып, аталған орталықтың өңірімізде туризм саласын дамытуға тың серпін беретінін айтты.

Оңтүстікте «Tourism Center» туристік ақпарат орталығы ашылды

Туристерді ақпаратпен қамтамасыз ететін мемлекеттік коммуналдық мекеме тұрғындар мен қонақтарға алты бағыт бойынша қызмет көрсететін болады. Орталықтың ең басты ерекшелігі сол, мұнда өңір тұрғындары мен қонақтарына бір терезе қағидасымен қызмет көрсетіле отырып, мекеме ғимаратында тур операторлары, гид-аудармашы, көші-қон қызметі мен транспорттық мекемелер және ұлттық парк өкілдері шоғырландырылған. Бұл өз кезегінде туристерге туристік қызметті кешенді түрде алуға мүмкіндік береді.

Оңтүстікте «Tourism Center» туристік ақпарат орталығы ашылды

Сонымен қатар мұнда тәулік бойы call-орталық жұмыс істейді. Яғни, туристер өңіріміздің қай жерінде болмасын қалаға қалай жету немесе келесі нысанға қалай баруға болатынын орталыққа хабарласу арқылы біле алады. Айта кететін жайт, орталықтағы барлық ақпараттық қызмет түрлері тегін көрсетіледі.

Оңтүстікте «Tourism Center» туристік ақпарат орталығы ашылды

Орталық директоры Жасұлан Төлебековтың айтуынша, дәл осындай принциппен жұмыс істейтін орталық республикада жоқ. Мысалы, Астана қаласындағы орталық конвеншн бюро, яғни, тек іс-шараларды ұйымдастырумен айналысса, Алматыдағы мекеме тек ақпарат таратуды қамтамасыз етеді екен. Ал Оңтүстіктегі туристік ақпараттық орталықтың артықшылығы, мұнда конвеншн бюро мен ақпараттық бюро біріктірілген.

Оңтүстікте «Tourism Center» туристік ақпарат орталығы ашылды

ЭКСПО-2017 көрмесі мен Универсиада-2017 халықаралық іс-шаралары қарсаңында «Ontustik tourism center» орталығының ашылуы маңызды оқиға болып отыр. Бүгінгі таңда орталық жетекшілігімен бұл бағытта еріктілерді дайындау, ақпараттық қол жетімділікті, қызмет көрсету сервисін арттыру және туристік бағыттарды әзірлеп, жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Оңтүстікте «Tourism Center» туристік ақпарат орталығы ашылды

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz