//
Оңтүстікте Turkestan-2016 фотокөрмесі басталды Жаңалықтар 

Оңтүстікте Turkestan-2016 фотокөрмесі басталды

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шымкенттегі облыстық көркемсурет галереясында «Тәуелсіздік тағылымы» атты ұлттық жобасы аясында халықаралық “Turkestan-2016” фотокөрмесі басталды. Жоспар бойынша ең алдымен елімізге белгілі фототілші, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, жерлесіміз Шүкір Шахайдың «Шүкір Шахай – 50» және «Ел мақтаныштары» фотокөрмесі ұйымдастырылды.

Оңтүстікте Turkestan-2016 фотокөрмесі басталды

«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болған халықаралық экспедиция биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Алғашқы жылы Хан Тәңірінің баурайында, екінші жылы Ұлытауда, былтыр Жамбыл облысында өткізілген дәстүрлі жоба биыл өзімізде жалғасын тауып отыр.

Оңтүстікте Turkestan-2016 фотокөрмесі басталды

Үш күндік шара аясында фототілшілер Отырар, Түркістан, Ордабасы және Түлкібас аудандарындағы тарихи жерлерді аралап, Түлкібас ауданындағы Ақсу Жабағылы қорығында болады деп жоспарлануда.

Оңтүстікте Turkestan-2016 фотокөрмесі басталды

Еліміздегі, оның ішінде облыстағы тарихи орындарды аралап, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық даму динамикасынан фотошежіре құрастыру арқылы, келешек тарихқа үлкен мұра қалдыруды көздейтін экспедицияға елімізге белгілі 20-ға жуық фототілші қатысуда.

Оңтүстікте Turkestan-2016 фотокөрмесі басталды

Айта өтейік, «Тәуелсіздік тағылымы» атты ұлттық жобасы «Ел мақтаныштары» фотокөрмесі, «Turkestan – 2016» халықаралық фотоэкспедициясы, «Менің Елім – Қазақстан» фотобайқауы және «Менің Елім – Қазақстан» фотобайқауы сынды шаралардан тұрады.

Оңтүстікте Turkestan-2016 фотокөрмесі басталды

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz