Оңтүстікте зейнеткер мен баласы героин сатқан

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есірткі сатумен айналысатын қылмыстық топты ұстады. Оның мүшелерінен ірі көлемде героин тәркіленіп отыр. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасына жергілікті тұрғыннан Төле би ауданының тұрғыны героин сатумен айналысатыны туралы арыз түскен. Бұл жайт сотқа дейінгі бірыңғай тіркеу тізіліміне тіркеліп, есірткі затын сату бойынша қылмысты іс қозғалады.

Оңтүстікте зейнеткер мен баласы герион сатқан

Содан кейін есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері «Арлан» арнайы жасағы және Төлебилік полицейлермен бірлесе жүргізген жедел іздестіру жұмыстары кезінде, бақылап сатып алу іс-шарасын өткізген соң күдікті 3 азаматты ұстады. Олар 1954 жылы туған қарт әйел және 40, 23 жастағы екі ер адам. Барлығы да Төле би ауданының тұрғындары. Тергеу барысында 62 жастағы қартаң кісі мен оның 40 жастағы ұлы бұған дейін де есірткіге байланысты сотты болғаны анықталды.

Оңтүстікте зейнеткер мен баласы герион сатқан

Күдіктілердің үйіне тінту кезінде полицейлер скотчпен мұқият жапсылырған 5 полиэтилен түйіншек тапты. Оның ішіндегі сұр түсті, ерекше иісі бар ұнтақты сот-криминалды сараптамасынан өткізген кезде ұнтақтың герион екені анықталды. Салмағы 5 келіден астам. Бұған қоса электронды таразы табылып отыр.

Оңтүстікте зейнеткер мен баласы герион сатқан

Қазір осы жайт бойынша қылмысты кодекстің 297-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) іс қозғалды. Күдіктілер қамауда жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жалпы, жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында есірткі затын сақтау және сату бойынша 87 қылмыс тіркелген. Күдіктілерден 22 келіден аса есірткі заты тәркіленсе, оның ішінде 5,5 келісі — героин. Заңсыз есірткі затын сатумен айналысқан 47 күдіктіні ұсталып отыр.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР